Теннис: Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Роттердам ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастапқы кездесуінде әлемнің 7-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті ұтып кеткен қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 56-орында тұрған америкалық Томми Полмен күш сынасты.

Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, А.Бублик басымдылық танытты – 7:6 (7:5).

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Бубликтің қателігін пайдаланған Пол брейк жасап кетті. Сосын өз геймін оңай ала білді – 6:3.

Бублик үшінші, шешуші партияны да сәтсіз бастады – 0:1. Бұдан кейін Пол тағы бір брейкке қол жеткізіп, есепті ұлғайта түсті – 3:0. Ақыры ол матчты жеңіспен тәмамдады – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.

Т.Пол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович Фокина немесе рейтингте 59-сатыдағы мажарстандық Мартон Фучовичтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтқанын, А.Недовесовтің жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Лион турнирінің жартылай финалына шықты






Соңғы жаңалықтар