Теннис: Бублик пен Кукушкиннің Дубай турниріндегі қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкиннің Дубай ATP турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы А.Бублик алғашқы кездесуін рейтингте 29-орында тұрған Польша өкілі Хуберт Гуркачпен өткізеді.

Бұлардың екеуі де 1997 жылғы, 22 жаста.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 69-сатыдағы Михаил Кукушкин әлемнің 17-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен кортқа шығады.

Жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын ірі жарыс 24-29 ақпан аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Марсель турнирінің финалына шыға алмағанын, ал Елена Рыбакинаның Дубайда соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Енді Е.Рыбакина Юлия Путинцева, Ярослава Шведовамен бірге жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын Доха премьер турниріне қатысады. Бүгін Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Я.Шведова әлемнің 73-ракеткасы, германиялық Лаура Зигемундпен ойнайды. Ал ертең Е.Рыбакина рейтингте 70-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстямен, Ю.Путинцева әлемнің 31-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен күш сынасады.



Соңғы жаңалықтар