Теннис: Бублик Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Бублик Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик ширек финалда әлемнің 22-ракеткасы, чилилік Кристиан Гаринмен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші матчты сәтті бастап, бірінші партияны 6:3 есебімен ұтты.

Екіншісінде К.Гарин 6:4 есебімен есе қайырды.

Үшінші, шешуші сетте де чилилік спортшы брейкпен алға шықты 4:2. Ақыры ол жеңіске жетті - 6:4.

Тартысты бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды.

К.Гарин финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болғанын, Е.Рыбакинаның Страсбург турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар