+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Теннис: Александр Бублик Марсель турнирін жеңіспен бастады

2020 жылғы 18 ақпан 08:30
Бөлісіңіз:
Теннис: Александр Бублик Марсель турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық спортшы жас әлемдік жұлдыздардың үздік ондығына енді Қазақстандық бенди шебері Норвегия чемпионатының үздік ойыншысы атанды Футзал: Қазақстандық қақпашы әлемнің үздігі атанды

А.Бублик алғашқы айналымда рейтингте 73-орында тұрған мажарстандық Мартон Фучовичпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

А.Бублик Марсель (жүлде қоры – 769 670 еуро) жарысының ширек финалына шығу үшін әлемнің 20-сыншы, осы доданың 6-ракеткасы, франциялық Бенуа Пэрмен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 69-орындағы Михаил Кукушкин алғашқы кездесуін өзінен он саты төмен тұрған франциялық Пьер-Юг Эрбермен өткізеді.

Өткен жылы осы турнирде М.Кукушкин финалға дейін жетіп, онда грекиялық Стефанос Циципастан ұтылып қалған болатын. С.Циципас биыл чемпиондық атағын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның рейтингте үздік 20 теннисшінің қатарына енгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT