+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

«Теңізшевройл» отандық кәсіпорындардың тауарын сатып алуды ұлғайтуы керек – Энергетика министрі

2021 жылғы 15 қазан 20:07
Бөлісіңіз:
«Теңізшевройл» отандық кәсіпорындардың тауарын сатып алуды ұлғайтуы керек – Энергетика министрі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Энергетика министрі «Теңізшевройл» ЖШС басшыларына отандық компаниялардың тауары мен қызметін сатып алуды ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қашан аяқталады Энергетика министрі мұнай-газ-химия саласында іске асатын ірі жобаларды атады Қазақстанда газбен жүретін көліктер саны 310 мыңға жетті

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысындағы Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ- ҰЕҚБЖ) құрылысымен танысты. Қазір аталған жоба аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 85 пайызы атқарылған.

Компанияның бас директоры Кевин Лайонның мәліметінше, биылғы алты айда қазақстандық компаниялардан стаынп алынған тауарлар және қызмет түрлерінің құны 1,7 млрд АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 1,2 млрд АҚШ доллары Келешек кеңею жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы шеңберінде жұмсалған. Жоба басталғаннан бері бұл көрсеткіш 11,9 млрд АҚШ долларына жеткен.

«Бұл жобаны іске қосу Теңіз кенішіндегі мұнай өндірісін жылына 12 млн тоннаға арттырып, жылдық өнімді 39 млн тоннаға жеткізеді. Жобаның жаңа нысандарын пайдалануға беру кезінде жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Өндірісті басқарудың озық үлгідегі біріккен орталығын ашу, сондай-ақ, жақында іске қосылған өндірістік мәліметтерді толық оңтайландыруды көздейтін «виртуалды зауыттың» мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр» -дейді бас директор.

Министр бұл жобаның ұлтық экономика үшін маңызын атап өтіп, компания басшыларына қазақстандық қызмет түрлері мен тауарларды пайдалану ауқымын ұлғайтуды тапсырды.

«ТШО жобалары жылдар бойы еліміздің экономикалық дамуына оң ықпалын тигізуде. Мәселе тек отандық кәсіпкерлікті дамыту туралы емес. ТШО жобаларының нәтижесінде технологиялар трансферті жүзеге асырылуда. Мамандардың біліктілігі арттырылып, аймақтың инфрақұрылымы жаңғыртылуда», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Теңіз кенішінде дер кезінде қолға алынған сақтық шараларының нәтижесінде Екінші буын зауыты (ЕБЖ)-Шикі газ айдау (ШГА) нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы мерзімнен төрт күн бұрын сәтті аяқталған. Күрделі жөндеу кезінде 6400-ден аса қызметкер 1,4 миллион адам-сағат жұмысты ойдағыдай атқарды. Оған түрлі инжинирингтік бағытта – компрессорлар мен турбиналарды жөндеу мен ауыстыру жұмыстарын қамтитын 36 қазақстандық компания тартылған.

Қазір Теңіз кенішінде еңбек ететін 70 мыңнан аса қызметкер вакцинаның толық компонентін алған. Бұл – барлық еңбек күшінің 90%-ы.

Энергетика министрі кеніштегі жоба аясында алғашқы мұнайды жоспарланған мерзімде – 2023 жылдың соңына қарай алу керектігін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT