+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталған соң жұмысшылар жұмысына оралады - әкім

2020 жылғы 27 мамыр 05:41
Бөлісіңіз:
Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталған соң жұмысшылар жұмысына оралады - әкім

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішіндегі жұмыс жалғасын табады. Жағдай тұрақталған кезде жұмысшылар жұмысына оралады. Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой ауданындағы Теңіз кеніші індеттің ошағына айналған. Қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Кен орнынан жұмысшыларды шығарудағы мақсат – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Сол арқылы қауіпті індеттің таралып кетуіне жол бермедік», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің мәлімдеуінше, Теңіз кен орнынан 18,5 мың жұмысшы тұрғылықты мекенжайына шығарылған.

«Теңіз кен орнында жұмыс тоқтап, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе туындап отырған жоқ. Кеніштегі жұмыс жалғасын табады. Мұндағы ахуал тұрақталған соң жұмысшылар жұмыс орнына оралады», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT