Теңіз кенішінде COVID-19 вирусын жұқтырған адаммен байланыста болғандар анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кен орнының вахташылар тұратын ауылында коронавирус жұқтырған әйелмен байланысты болғандар анықталды. Олардың жалпы саны 10 адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнафис Таңбаева Ватернас атты вахташылар ауылындағы 50 жастағы әйелмен байланыста болған 10 адамның барлығынан анализ алынғанжығын хабарлады. Жұмысшылардың барлығы оқшауландырылып, стационарға жатқызылды. Сонымен қатар вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандармен қарым-қатынас жасаған тағы 50 адам оқшауландырылды.

«Теңізшвройл» ЖШС Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бас менеджер Рзабек Артығалиевтің сөзінше, қазіргі таңда Теңіз кенішінен шығуға тыйым салынған. Кенішке тек бірініші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын көліктер мен жүк көліктеріне ғана кіруге рұқсат етілген. Жүргізушілердің дене қызуы тексеріліп жатыр. Кенішке кіретін жерлерде 4 санитарлық бекет орнатылды. Кәсіпорынның өзінде адамдар ара қашықтықты сақтап жүреді, барлық өндіріс нысандары дезинфекцияланып, термометриялық скрининг жүргізіліп жатыр.

А.Соколов


Соңғы жаңалықтар