Теңіз кенішінде бір де бір жұмысшы коронавирус жұқтырған жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус инфекциясын жұқтырушы тіркелген жоқ. Бірақ, кен орнындағы инфекциялық стационарда 342 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте коронавирус инфекциясына 408 адам шалдыққан.

Оның ішінде Атырау қаласында 323 жағдай расталған. Теңіз кен орнында науқастар табылған жоқ.

Қызылқоға ауданында 18, Исатайда – 16, Индерде – 15, Құрманғазыда – 15, Махамбетте – 10 Мақатта – 6, Жылыой ауданында 5 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.

Қазір 4 867 адам үй жағдайында ем-дом алып жатыр.

«Аудандардағы инфекциялық стационарларда – 388, Теңіз кен орнындағы стационарда – 342, модульдік ауруханада – 205, №2 облыстық ауруханада – 203, теміржол ауруханасында – 113, кардиологиялық орталықта – 103, фтизиопульмонология орталығында – 83, облыстық ауруханада 41 науқас ем қабылдауда. Сондай-ақ, инфекциялық стационарға лайықталған жатақханаларда 114 пациент оқшауланған», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында инфекциялық стационарларда 1 549 науқас жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар