Теңіз кен орнында жерасты дүмпуі сезілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін сейсмикалық белсенділік Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ кен орны аумағында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сейсмикалық белсенділік Теңіз кен орнының кадрлары мен өндіріске әсер еткен жоқ. Теңіз және Королев кен орындары геологиялық тұрғыдан тұрақты аймақта, белсенді тақталардың немесе сейсмикалық белдеулердің белгілі шекараларынан шамамен 600 шақырым қашықтықта орналасқан. ТШО-ның бақылауы бойынша, аталған кен орындарында шөгу мен микросейсмикалық жағдай қауіпсіз және тұрақты деңгейде», - деп мәлімдеді ҚазАқпарат тілшісіне «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі кен орындарында сезілген сілкіністердің күші туралы нақтылау жүргізілгеннен кейін хабарлауға уәде берді.

А.Соколов


Соңғы жаңалықтар