Теңіз кен орнында өрт шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС өңдейтін Теңіз кен орнында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Үшінші буынды өңдеу зауытының аумағында сыйымдылық қоймасында өрт шыққан.

«Бесінші наурызда сағат 16:00-дер шамасында ТШО-ның апат жөніндегі операторына Шикі газды жер қойнауына айдау құрылғысы құрылысының аумағында өрт шыққаны хабарланған.

Оқиға болған жерге ТШО-ның өрт-апат қызметінің жасағы аттандырылды. Бір жарым сағаттан соң өрт толық сөндірілді. Персоналдың ешқайсысы зардап шекпеді», - деп мәлім етті «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



Автор А.Соколов



Соңғы жаңалықтар