Теңіз бе, көл ме: Сарапшы Каспийдің құқықтық мәртебесін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Аманжолова Каспийдің географиялық анықтамасы туралы пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, «Каспий теңіз бе, көл ме деген пікірталасты теңіз маңындағы елдер 20 жыл бұрын доғарған. Себебі бұл тақырыпта ортақ мәмілеге келе алмаған.

«Біз Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеуді талап ететін су қоймасы ретінде бөлуге келістік. Қазақстанның ұстанымы Каспий теңізіне 1982 жылғы теңіз құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының ашық теңіздерді бөліп және реттеу ережесін қолдануға негізделген. Ал әзербайжандық тарап Каспий теңізін көл ретінде бөлуді ұсынды. Нәтижесіне назар аударсаңыз, конвенцияда Каспий теңізінің түпкі бөлігі көл қағидаты бойынша, беткі жағы - бірқатар изомериямен теңіз заңының қағидасына сәйкес бөлінеді. Біз mutatis mutandis қағидасын ұстандық яғни Каспий теңізіне қажетті өзгерістері бар қағидаларды қабылдадық. Мәселен, теңіз құқығында аумақтық теңіз үшін 12 теңіз миль белгіленсе, Конвенцияда 15 теңіз милін бекіттік. Яғни, нақты осы мәселеге қатысты ерекше шешім қабылдадық», - деді З. Аманжолова Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу туралы баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 12 тамыз күні Ақтау саммитіне қатысқан бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.  

 

 

Соңғы жаңалықтар