Теңге бағамының бір айда әлсіреуі: Ұлттық банк түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамының төмендеуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы маусым айының соңынан 10 тамыз аралығындағы кезеңде түрік лирасы 6,9 пайызға, Индонезия рупиясы – 3 пайызға, Аргентина песосы 3,3 пайызға арзандады. Жалпы үрдіс аясында Ресей рублі де 3,6 пайызға әлсіреді», - деді ҰБ басшысы бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы биылғы шілдеден бастап 10 тамыздағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін 3,5 пайызға әлсіреді.

«Теңгенің әлсіреуі бір баррель үшін 40 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тіркелген мұнай бағасын белгілеумен тежеледі. 7 тамызда мұнай бағасы мұнай қорының төмендеуі және ОПЕК+ мәмілесінің сақталуы аясында бір баррель үшін 44,4 доллар деңгейінде бекіді», - деді Е. Досаев.

Республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөніндегі ұзартылған шаралар ұлттық валютаға ішкі қолдау көрсетті.


Соңғы жаңалықтар