Теміржолда жолаушыларға көрсетілетін қызметтер сапасы жақсарып келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы баспасөз туры мен мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз туры барысында журналистерге «Алматы-2» вокзалы маңындағы депода вагондарға техникалық қызмет көрсету, вагондарды жазғы кезеңде тасымалдауға дайындау барысы көрсетілді. Теміржолшылар жылжымалы құрам паркінің жаңаруы, жазғы кезеңде жолаушылардың жол жүруінің ерекшеліктері, пойыз бригадасы қызметкерлерінің дайындығы, басқа да мәселелер туралы айтты.

Баспасөз турынан соң «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстанда ұлттық тасымалдаушы жолаушылар вагондары паркін жыл сайын жаңартып келеді. Бұл туралы жиында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов айтып берді.

«2010 жылдан бастап 2021 жылға дейін 1100-ден астам вагон сатып алынса, оның 600-ден астамы Тальго вагоны. Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ 73 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Дегенмен, қабылданған шараларға қарамастан, жолаушылар вагондарының ескірген паркі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның негізгі мәселелерінің бірі болып қалуда. Ұлттық тасымалдаушыда 2000 вагон болса, соның 800-ден астамы – ескі үлгіде, яғни, олардың пайдалану мерзімі (28-ден 44 жылға дейін) өтіп кеткен. Қызмет ету мерзімі өткеннен кейін вагондар парктен шығарылады. Вагондарды пайдалануының мерзімі – 28 жыл, бірақ, оны ұзартқан кезде жолаушылар вагондары 44 жылға дейін жарамды бола алады», - деді Жәнібек Тайжанов.

Сондай-ақ, спикер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да тазалық пен төсек-орын жабдықтарына қатысты жаңа стандарттар қабылданғанын атап өтті.

«Вагондарды жинау нормативтері қайта қаралды және жолаушылар пойыздарында клининг және санитарлық-гигиеналық құралдармен жарақтандыру бойынша жаңа стандарт әзірленді. 2019 жылдың қараша айынан бастап жолаушыларға арналған төсек жабдықтары - жоғары сапалы болды. Мысалы, егер бұрында төсек-орын қарапайым бөзден болса, қазір сапалы матадан жасалған. Мақта төсеніштері су өткізбейді. Егер бұрын көрпелер қысқы және жазғы деп бөлінсе, қазір олар әмбебап – жүннен жасалған. Осылайша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздардағы матрастарды, жастықтарды, көрпелерді ауыстырып, жаңа стандарттар бойынша тігілген жаймалармен және жастық тысымен жабдықтай бастады. Жолаушылардың талап-тілегіне деген осындай саясат нәтижесінде жұмыста клиентке бағдарлану пайызы айтарлықтай жақсарды», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының сату және клиенттермен жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жимайловтың айтуынша, 2019 жылдың шілде айында билеттер сатылымы толығымен «Мобиус» электронды жүйесіне ауыстырылған.

«Ол халық үшін билет сатып алу жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл жеке билет кассалары (оңтайландыруды есепке алғанда 156 касса), 3 мыңға жуық агенттік касса, оның ішінде пошта бөлімшелері, 15 интернет сайт, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның BILET.RAILWAYS.KZ сайты, «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасы мен 30 мыңға жуық өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары іске қосылды. Жолаушыларға клиентке брондалған орын туралы смс-хабарламаны растай отырып, «Күту парағы» бойынша кезек тәртібімен билеттерді сатып алу мүмкіндігі берілген. 2022 жылдың 4 айында «Күту парағы» қызметі арқылы 18300-ден астам билет рәсімделді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,5 есе өсті. Онлайн сатылымдар үлесі 70% құраса, бұл өткен жыл деңгейінен 16% жоғары. Жол жүру құжаттарын электрондық сатудың жетілдірілген жүйесі билеттердің жасанды тапшылығын барынша азайтуға көмектесті. Орындар мен күту парағын «аулауды» блоктау функциялары бар. Ол тұрғындарға билеттерді «алыпсатарларға» жүгінбей-ақ сатып алуға мүмкіндік береді. Билеттерді сатып алу процесі ашық, сондықтан билеттерді сатумен байланысты заңға қайшы іс-әрекеттер жасау мүмкін емес. Айту керек, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап билеттерді қайта сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді, айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, - деді Ерлан Жимайлов.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алакөлге жолдаманы қоса алғанда, елдегі туризмді дамытуға белсенді қатысып келеді. Биыл жазда 158 жолаушылар пойызын ұйымдастыру жоспарлануда. Оның ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 107 маршрутқа, жеке тасымалдаушылар 30 маршрутқа қызмет көрсетеді және 21 транзиттік мемлекетаралық пойыз қатынайтын болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, Алакөл бағытында 11 маршрут қарастырылған.

Нұр-Сұлтаннан аптасына 2 рет:

- № 54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

-№258/257 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) пойыздары жүреді.

Туристер күнара тоқтаусыз жүретін:

- №121/122 Нұр-Сұлтан – Семей (жеке тасымалдаушы АрайТрансKZ ЖШС);

- №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) пойыздар вагондарын пайдалана алады.

Алматыдан Алакөл жағажайларына аптасына 3 рет:

- № 221/222 «Алматы-2 – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

- № 137/138 «Алматы-2 – Достық» (жеке тасымалдаушы «Vagon Servis» ЖШС) пойыздары қатынайды.

Күнара жүретін №21/22 Қызылорда – Семей (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) пойыздарының құрамында тікелей қатынайтын вагондар болады.

Ұлттық тасымалдаушы «Тальго» вагонды пойыздармен:

- №211/212 «Алматы-2 – Достық» пойызы күнара (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) және де № 453/454 «Алматы-2 - Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайтын (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) 2 маршрут ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Шығыс Қазақстан облысынан туристер күнара қатынайтын №459/460 «Өскемен – Достық» құрамдарын пайдалана алады (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);

- №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) күнделікті айналымда.

Абай облысынан күнара Алакөл жағалауына №457/458 «Семей – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ) қатынайтын болады.

«Жоспарлы түрде көрші елдерден 21 мемлекетаралық пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстаннан Ресейге және Өзбекстанға «Атырау-Астрахань», «Алматы-Ташкент», «Нөкіс-Бейнеу» бағыттары бойынша мемлекетаралық пойыздар жүруде. Сонымен қатар, биыл маусым айынан бастап «Қарағанды – Самара», «Қарағанды – Омбы», «Алматы-2 – Қазан» бағытындағы пойыздардың жүруі бекітілді», - деді Жәнібек Тайжанов.

Ол сондай-ақ, Қазақстанда теміржол жолаушыларына арналған жеңілдіктері бар үш дисконттық карталар туралы айтты.

«Тальго» пойызымен жиі жүретіндерге арналған «Саяхатшы» дисконттық картасы шықты. Картаның жеңілдік мөлшері «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызымен соңғы 12 айда жасаған сапарлардың жалпы құнына байланысты. 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері-10%; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік мөлшері -15%; 200 001 теңгеден жоғары жеңілдік мөлшері-20%. Бұл жеңілдік тек «Тұлпар-Тальго» пойыздарында ғана қолданылады. Карта тегін беріледі және екі жылға жарамды.

Екінші, «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарының жолаушылары үшін «Алтын» дисконттық картасы. Картаны Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Жеңілдік мөлшері-25%. Картаны 15 және одан жоғары жастағы азаматтар ғана ресімдей алады. Картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан 19 999 теңгеге сатып алуға болады. Жарамдылық мерзімі-1 жыл.

16-25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған «Жастар» дисконттық картасы. «Тальго» коммерциялық пойыздарына темір жол билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңілдік «Турист» (2Д) және «Отыратын» (2С) санатындағы вагондарға қолданылады. Дисконттық картаның құны-3 мың теңге. Оны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жарамдылық мерзімі іске қосылған сәттен бастап 1 жыл. Карта тек Қазақстан азаматтары үшін рәсімделеді», - деді Жәнібек Тайжанов.

Айта кетейік, дисконттық карталар төмендегі бағыттарда қолданылады:

№51/52 Алматы-2 — Орал

№105/106 Алматы — Петропавл

№712/711 Нұр-Сұлтан — Шымкент

№29/30 Алматы-2 — Атырау

№69/70 Алматы-2 — Өскемен

№111/11 Алматы-2 — Маңғыстау.


Соңғы жаңалықтар