+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Теміржол жүк тасымалы саласында жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр

2020 жылғы 20 мамыр 13:14
Бөлісіңіз:
Теміржол жүк тасымалы саласында жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіттік. Ол туралы корпоративті веб-сайтта жарияланды, ол жерде біздің қызметіміз туралы барлық ақпарат бар. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы комиссия құрылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Адал жол» жобалық кеңсесімен бірігіп, жұмыс жүргізуде. А тап айтқанда, кәсіпкерлер мен қызметкерлер қауымдастығы құрылды. Біз конкурстық комиссия негізінде әріптестерімізді жұмысқа қабылдай бастадық. Көрнекті орындардан сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы белгілерді көре аласыздар, яғни біз өз қызметкерлерімізді, халықты ашық, адал болуға және жемқорлыққа жол бермеуге шақырамыз. Әрбір облыс орталығындағы кеңселерде сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілік белгіленетіні туралы арнайы жадынамалар, ескерту белгілері қойылды», - деді «Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» АҚ маркетинг және жоспарлау жөніндегі бас директорының орынбасары Махамбет Мұхтар.

Оның айтуынша, сыбайлық жемқорлыққа қарсы әрекеттер үшін қажетті шаралар қабылдануда. Оны жүзеге асыру үшін «Адал жолмен» бірігіп жоспар құрылған.

«Қазақстан теміржолы жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдаушылары жемқорлыққа қарсы әрекетте біріге жұмыс істейді. Жүк жөнелтілмес бұрын қосымша қағаздар тексеріледі. Пойыз бекеттерінде қажетті жұмыстар жүргізіледі. Біз жүк тасымалдаушыларға да, жүкті қабылдап алушыларға да барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Күн сайын колл-орталық жұмыс істейді. Біз әр сұрақты тұрақты саралап, толыққанды жауап беруге тырысамыз. Ендігі мақсат - барлық процесті автоматтандыру, себебі осылай жұмыс істеу ыңғайлы», - дейді ол.

Сондай-ақ, Махамбет Мұхтар 1 маусымнан бастап «Қазақстан теміржолы» ҰҚ» АҚ жұмысын бастайтынын, сондықтан сақтық шаралары, гигиенаны қадағалау шаралары қабылданатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT