Теміртаудағы жылу-электр орталығында өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теміртаудағы жылу электр орталығында өрт шықты. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ депараментінің ақпаратынша, 21 сəуірде сағат 18:25 кезінде компанияға тиесілі ЖЭО-БАС-та (жылу-электр орталығы – бу ауа үрлеуші станса) түтінтартқы бөлімінің шатыры өртенді.

Қазіргі мәліметке қарағанда, өрттің шығуына ЖЭО-БАС стансасының шатырындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары себеп болуы мүмкін.

Сағат 18:45 өрт ауыздықталып, түтін сейілді. Тексеру барысында адамдар зардап шекпегені,сондай-ақ құрал-жабдық пен техникаға зақым келмегені анықталды. Өрт сөндіруді жеңілдету үшін №7 қазандық уақытша тоқтатылды.

Қазіргі мезетте станса қалыпты жағдайда жұмыс істеуде

«Өрт шыққан жерге Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау мамандары жеткізіліп, санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы атмосфералық ауа сынамасы алынды. Оның нəтижесі туралы қосымша хабарлайтын боламыз»,-делінген министрлік хабарламасында.

фото:instagram/temirtau.times
Соңғы жаңалықтар