Теміртауда тегін балалар лагері ашылды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласының мәдениет сарайы екінші жыл қатарынан балаларға таза ауада тегін жазғы лагерь ұйымдастырып келеді. Мұнда балаларға шеберлік сыныптары, шығармашылық станциялар және басқа да ойын-сауық іс-шаралары ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лагерьге 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар жазыла алады. Келесі бағыттар бойынша төрт тақырыптық маусым дайындалды: шығармашылық, медиа, еріктілік және экология.

Бір маусымға 20-дан астам бала қабылданады. Ұзақтығы – 10 күн.

Шығармашылық маусым басталды. Ол 24 маусымға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар ата-аналардан бұл шарадан қалыс қалмауды сұрайды, жазылу әлі жалғасуда.

Еріктілер маусымы 27 маусым мен 8 шілде аралығында өтеді.

11–22 шілде аралығында жас теміртаулықтарды БАҚ пен медиа маусымы күтіп тұр.

Соңғы, экологиялық маусым 25 шілдеде басталады. Лагерь жұмысын 6 тамызда аяқтайды.

«Балалармен педагог және тәлімгер жұмыс істейді. Сонымен қатар, біз «Шаңырақ» еріктілер орталығымен ынтымақтасамыз, сондықтан бізге тағы екі волонтер көмектеседі», – дейді мәдениет және демалыс бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Виолетта Куклина.

Лагерьдің жұмыс уақыты - 10:00-ден 13: 00-ге дейін.


Соңғы жаңалықтар