Теміртауда полицейлер 10 млн теңгенің бұйымын ұрлаған күдіктілерді ұстады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Теміртау қаласының екі тұрғыны көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтердің терезесінен кіріп, жалпы құны 10 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қаңтар күні Теміртау қаласы ІІБ-нің Старгород полиция бөлімінің кезекші бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны бейтаныс тұлғалар пластик терезесін ашып, пәтерінен алтын зергерлік бұйымдар мен «Canon» фотоаппаратын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жалпы шығын 10 285 000 теңгені құрады.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қалалық полиция басқармасының басшылығы күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық жеке құрамды бағыттады. Қылмыс орнынан іздер алынды. Қызметтік иттер тартылды. Жақын орналасқан үйлердің бейне бақылау камералары зерттелді. Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 21-27 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Айғақты заттар жартылай тәркіленді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар