Теміртауда бес жасар бала 4-қабаттың терезесінен құлап кетті
8 сәуір күні таңғы сағат 8-де Теміртау қаласында 2015 жылы туған бала 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді.
«Пациент келіп түскен сәттен бастап жағдайы ауыр, тұрақты. Хирург, травматолог және реаниматолог қарап шықты. Бас сүйек-ми жарақатын алған, самай сүйегі соғылып, сынған. Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға ауыстырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Ересектер мен ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы олардың жарақат алуы мен өліміне әкеп соқтырады деп ескертеді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство тағы да қауіпсіздік шаралары туралы еске салады және ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.