Теміртауда бала күтуші әйел бүлдіршінді Астанаға алып кеткен

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Бүгін таңертең Астанада өзінің жұмыс берушісінен баланы ұрлап кеткен Теміртау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«26 наурыз күні кешкісін полицияға 22 жастағы Теміртау тұрғыны келіп, оның екі жасар баласын күтуші әйел ұрлап кеткендігін хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бүгін таңертең Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, Астанада тұтқындады», - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Құдияровтың сөзінше, күтуші әйел бүлдіршін оны «ана» деп атаған күні, оған бауыр басып қалғанын айтқан.

«Бала бағушы әйел ана махаббатын сезінгісі келгенін, бірақ, көп ұзамай оны анасына қайтармақшы болғанын мәлімдеді», - деп түсіндірді Бақытжан Құдияров. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабы, 2-бөлімі («Адам ұрлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар