USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып көз жұмды

2021 жылғы 21 қазан 23:19
Бөлісіңіз:
Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып көз жұмды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат –Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды Қазақстандық бітімгерлер Африка елдерінде БҰҰ миссиясына қатысуы мүмкін Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды

«Оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT