Теміртауда адам өлтірді деген күдікпен бұрынғы полицей ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жасанды су айдынының жағалауынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша 22 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды.

«Бұқар жырау ауданы Ростовка ауылының маңынан, жасанды су айдынының жағалауынан зорлықпен өлтірілген 38 жастағы ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ол Теміртау қалалық ІІБ Жол-потрульдік полиция батальонының бұрынғы сержанты болып шықты.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді полициядан. 

Соңғы жаңалықтар