06:20, 06 Мамыр 2021 | GMT +6
Теміртау пен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 мамыр күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Теміртау және Балқаш қалаларында болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.