+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Темекі тұқылын аулаға тастаған шенеунікке 14 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

2020 жылғы 17 қыркүйек 19:56
Бөлісіңіз:
Темекі тұқылын аулаға тастаған шенеунікке 14 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманына полиция айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұхтар Тілеуберді ҚР Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды Қазақстанда «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері қайта оқытылады

«Қарасай ауданы полициясының учаскелік инспекторы Н. есімді азаматқа 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды» делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қарасай ауданы әкімінің мемлекеттік қызметкері қоғамдық орынды ластағаны үшін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Естеріңізге сала кетейік , бұған дейін Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманына қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Ал даудың басы темекі тұқылынан басталған. Тұрғындардың сөзінше, шенеунік оны «балалар ойнайтын алаңға» тастаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT