+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Телефон қолдану, ішімдік ішу және заңсыз жабдықтау –  ІІМ елдегі автобус қозғалысын тексерді

2020 жылғы 26 қазан 11:38
Бөлісіңіз:
Телефон қолдану, ішімдік ішу және заңсыз жабдықтау –  ІІМ елдегі автобус қозғалысын тексерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізіп, он мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан ӘЧ- 2022: Еуропадағы іріктеу кезеңінің жеребесі 7 желтоқсанда тартылады Болат Тілепов: Өзара көмек пен әріптестік – азаматтық қоғам құрудың басты талабы Әлеуметтік желіде орнықты ойды насихаттаудың жолдары қандай

«Үш күндік рейд барысында автобус жүргізушілерінің 10 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Мас күйінде автобус айдаған 15 жүргізуші тіркелді. Барлық жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан айырылатын болады. Жолаушыларды тасымалдау кезінде 1700-ден астам автобус жүргізушісі телефон пайдаланған. 300-ге жуығы жылдамдықты мөлшерден тыс арттырып, айналасына қауіп төндірген. Бұдан басқа еңбек және демалыс режимін бұзудың 43 фактісі, техникалық тексеруден өтпеген, заңсыз қайта жабдықталған бір мыңнан астам автобус, жылдамдықты арттырудың 300-ге жуық фактісі анықталды», - деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингіде.

Шара нәтижесінде автобус парктері басшылары қатарынан 126 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі автопарктің лицензиялары тоқтатылды. 292 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен бірге, ресми өкіл бір аптада жалпы саны 3424 қылмыс тіркелгенін атап өтті. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде 2198 қылмыс ізі суымай ашылды. Оның ішінде19 адам өлтіру, 38 тонау және 513 ұрлық фактілері әшкере болды.

Бір аптада жалпы саны 209 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан өкінішке қарай 40 адам қаза тауып, 235 адам жарақат алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT