Тексерушілер той өтіп жатқан мейрамханаға екі сағат кіре алмаған – ШҚО

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы мониторингілік топ мүшелері кезекті рейд барысында шектеу шараларына қарамастан той өтіп жатқан мейрамхананы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, өңір «қызыл аймаққа» кіргеніне қарамастан карантин талаптарына бағынбай, той өткізіп жатқандар әлі де кездесуде. Кәсіпкерлер өз мейрамханаларының есіктерін жауып, келушілердің автокөліктерін басқа жақтағы көлік тұрақтарына қою сынды қулықтарға баруда. 25 қараша күні мониторингілік топ той жүріп жатқан тағы бір мейрамхананы анықтады.
«Мейрамхананың жұмысшылары бізге есікті біраз уақыт ашпай тұрды. Осылайша, екі сағаттан артық далада жүрдік. Тексеру кезінде белгілі болғандай, үйлену тойына 100-ден астам адам жиналған, мейрамхана жұмысшыларын қосқанда 120 адамнан асады. Материалдар жиналып, тиісті органдарға жіберілетін болады», - деді «Семей - адаллық алаңы» штабының жетекшісі Дариға Дайрова.
Оның айтуынша, тұрғындар шектеу шараларын елемей, отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. 1 қазаннан бастап Семейде 112 рейд жүргізіліп, 1543 бизнес нысаны тексерілген. Соның нәтижесінде 210 заңбұзушылық анықталды.
- Әкімдіктер қоғамдық тұрақтылықты сақтауға барынша мүдделі болуы керек – Жеміс Тұрмағамбетова
- Коронавирус: Ауыр халде жансақтау бөліміне түскен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы жақсарды
- Ақтөбеде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты
- Коронавирус: Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті
-
Павлодар облысында 20 қаңтардан бастап карантин талаптары күшейтіледі
-
Карантин талабын бұзған Алматы мейрамханаларына 77 млн теңге айыппұл салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам