Тексеру комиссияларының жұмысында заң талаптары бұзылып отыр - Андрей Лукин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Андрей Лукин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың атына жолдаған депутаттық сауалында тексеру комиссияларының жұмысы бойынша ережелердің бұзылғаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатордың пікірінше, қаржыға қатысты көптеген ережелердің бұзылуы комиссия төрағасы мен мүшелерінің тиісті бақылауының жоқтығын көрсетеді және заңнама талаптарын ескермеу салдары болып отыр.

«Мекемелердің басшылығы мен мемлекеттік аудиторлардың бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында жоспарлау мәселелерінен бастап аудит және қаржылық бақылау процесіне дейін заң талаптарының елеулі бұзылуы орын алғанын талдау нәтижелері көрсетіп отыр», - деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында.

Депутат оған бақылау-қадағалау функцияларын, атап айтқанда, тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыру тетіктерінің жетілдірілмеуі ықпал ететінін, бұл оны іс жүзінде қолдану үшін жеткілікті қиын әрі оңайлатуды талап ететінін атап өтті.

Сенатор тексеру комиссиялары штаттағы қызметкерлердің санына және ол үшін бөлінетін қаражатқа қарамастан, бюджет қаржысы мен мемлекет активтерін басқару әрі пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде өзінің алдына қойылған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз етуде жеткіліксіз деп қорытындылады.


Соңғы жаңалықтар