Техас штатында ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде төрт адам қаза тапты. Бұл туралы CNN телекомпнаиясы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Ұшақ қонар сәтте мотордағы ақау салдарынан құлаған. Апат салдарынан екі ер адам және екі әйел қаза тапты.

Остин қаласынан шыққан ұшақ Луизианаға бара жатқан.

Көліктегі қауіпсіздік бойынша Ұлттық кеңес өзінің Twitter -дегі парақшасында оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатқандығын жазды. Апатқа ұшыраған - Piper PA-46 ұшағы.


Соңғы жаңалықтар