Тегерандағы ұшақ апаты: Украиналық сарапшылар оқиға орнында жұмыс істеуде

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Азаматтық авиация қауіпсіздігін зерттеу және талдау бойынша бюроның бас директоры Хасан Резаифар Тегеранда украниалық сарапшылар мен іздеу-құтқару тобының мамандары жұмысты бастағаны туралы хабарлады

«Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет, Қорғаныс министрлігі, СІМ, ІІМ, Украинаның қауіпсіздік қызметі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі, Мемлекеттік авиация қызметі, әуе апаттары мен оқиғаларын тергеу жөніндегі ұлттық бюро өкілдері азаматтық авиациямен және «Украинаның халықаралық әуе компанияларының» өкілдерімен бірлесіп жұмыс жасауда», - деп хабарлады ол.

Айта кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ирандағы украиналық ұшақ техникалық ақауға байланысты құлады деген болжам айтты. АҚШ билігі Тегерандағы «Украинаның халықаралық әуе компанияларының» ұшағының әзірге құлау себептерін білмейді. Бірақ олар техникалық ақау болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы Майк Помпео бейсенбі күні Fox News телеарнасы эфирінде мәлімдеді.

АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосының басшысынан Boeing 737 әуе лайнері Иран тарапының қателесіп атып жіберуінен құлауы мүмкін деген айыптауларға түсініктеме беруін сұрады.

«Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ирандықтар толығымен тергеу шаралары бойынша ынтымақтасатын болады деп үміттенемін», - деді Помпео. Ол Иранға ұшу, сондай-ақ осы елден ұшу қауіпсіз бе, жоқ па, соны барлық әлем білуі тиіс екенін атап өтті. Помпеоның айтуынша, егер қауіп болатын болса, әуе компанияларына жолаушыларға қауіп төндірмеу үшін шешім қабылдауға тура келеді.

Өз кезегінде, Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберген деген болжамын жариялады. Ол бұл туралы сенімді түрде айту үшін көп ақпарат қажет екенін атап өтті.

«Болған жағдай туралы сұрақтарға жауап алу үшін біз халықаралық ресми тұлғалармен, тергеу бойынша Иранмен жұмыс істеуге ниеттіміз. Біз бұл кездейсоқ болуы мүмкін екенін білеміз, бірақ қосымша ақпарат қажет, - деді ол. – Мұндай қасақана жасалған әрекеттер туралы түпкілікті қорытынды жасау үшін біз толық және ашық тергеу жүргізуіміз қажет».







Соңғы жаңалықтар