Тбилиси орталығында жарылыс болып, бір адам көз жұмды

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Тбилиси орталығында жарылыс болып, бір адам көз жұмды, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жарылыс Костав көшесінде Dejavu клубының аумағында болған. Клуб ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Алдын-ала мәліметтер бойынша газ дәнекерлеу баллоны жарылған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Таратылған ақпаратқа сәкес, олардың біреуінің жағдайы ауыр.

Жарылыс толқыны жақын маңдағы бірнеше үйдің терезесін қиратқан. Қазіргі уақытта Костав көшесі жабылған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, патрульдік полиция қызметкерлері мен сарапшы криминалистер де жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар