Тәжірибесі бар мамандарды студенттерге дәріс беруге тартуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжірибелі мамандар студенттерге дәріс бере алатын болды. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта министрлік 17 жоғары оқу орнына жоспардан тыс тексеруді бастады және жыл соңына дейін тексерулерді жоспарлы түрде жүргізетін болады. Әрине, бұл жердегі ең басты мәселе, ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын сапалы дайындауына байланысты. Сол білім беру бағдарламасын аяқтап шыққаннан кейін «түлек қаншалықты жұмысқа орналасады?», «қаншалықты сұранысқа ие болады?», осыған орай 5 маусымда ЖОО-ларға қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізілді. Кадрларды дайындауға лицензия алу үшін ЖОО-ның бағдарламалары сараптамадан өтуі керек және Білім министрлігінің оқу бағдарламалары тізімінде болуы тиіс», - деді Гүлзат Көбенова министрліктің Facebook-парақшасында өткен онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар комитет төрайымы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамына қойылатын талаптардың да өзгергендігін айтты.

«Ендігі уақытта ЖОО оқу барысына тәжірибелі мамандарды тарта алады. Мысалы, бұрынғы жылдары ЖОО-ларда ғылыми дәрежелері бар оқытушылар 50 пайызды құрауы қажет болса, биылдан бастап 40 пайызға төмендетілді. Негізгі штаттағы профессор-оқытушы құрамы бұрнағы жылы 80 пайызды құраса, өткен жылы 60 пайыз болды. Ендігі уақытта ұлттық біліктілік шеңбері аясында тәжірибесі мол мамандарды тартуға болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар