Тәжікстанның ең қарт тұрғыны 127 жасында көз жұмды

None
None
ДУШАНБЕ. Ховар-ҚазАқпарат – 127 жасында Тәжікстанның ең қарт тұрғыны Фотима Мирзокулова қайтыс болды. Ол 1893 жылы 13 наурызда дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.

«Фотима әжейдің немере, шөбере және неменелерінің саны 200-ден асып жығылады. Бұл сүйкімді әйел жүзжылдықтың үшеуін көрді – 19, 20 және 21-інші», - деп мәлім етті Ашт ауданы Мемлекет билігінің атқарушы органында.

БАҚ ақпараттарына сәйкес, кейуана өз бетімен жүріп-тұрып, денсаулығына ешқашан шағымданбаған.

Екі жыл бұрын Дахана ауылында Ф.Мирзокулова балалары, немерелері және туыс-туғандары арасында 125 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай салтанатты шара да ұйымдастырылған.


Жыл сайын Ана күні құрметіне Тәжікстан Республикасы Президентінің Атқарушы аппаратының өкілдері Ф.Мирзокуловаға және өзге де ұзақ жасаған әйелдерге ілтипат білдіріп, қонақта болады.

Оның өлімі туралы бірқатар БАҚ-та жазылды. Мәселен, Daily Mail-дің мәліметінше, тәжікстандық әжейдің паспортындағы деректер шындыққа сәйкес келсе, ол әлемдегі ең қарт әйел болып табылады.

Айта кетейік, бүгінде ресми түрде әлемдегі ең қарт әйел жапониялық Канэ Танака саналады. Ол биыл 117 жасқа толды.

Былтырғы жылдың қазанында Ресейдің Астрахан облысында ең ұзақ өмір сүрген Тәнзилә Бисембеева дүниеден өтті. Этникалық қазақ Т.Бисембеева 2016 жылдан бастап ресми түрде ғаламшардың ең қарт тұрғыны атанды. Бұл туралы Ресейдің Рекордтар кітабында айтылған. Ол ағымдағы жылы 125 жасқа толушы еді.


Соңғы жаңалықтар