Тәжікстанда оқулықтар мен дәптерлерге жарнама орналастыруға тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда оқулықтарға, дәптерлер мен мектеп күнделігіне жарнама орналастыруға тыйым салатын «Жарнама туралы» Заңға өзгерістер мен қосымшалар енгізілді, деп хабарлайды Khovar.

«Жарнама туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды Тәжікстан Республикасы бесінші шақырылымның Маджлиси милли Маджлиси Оли 11 сессиясында ел Парламентінің жоғары палата мүшелері мақұлдады.

Сондай-ақ, тауарлар мен қызметтердің жарнамасында «үздік», «нөмір 1», «жоғары сапалы», «төмен бағада» терминдерін қолдануға тыйым салынды. Бұдан бөлек, телевизиялық және радиобағдарламаларда бұдан былай эфирдің үш минутынан артық уақытты алатын жарнама орналастыруға рұқсат етілмейді. Ұзақ жарнама тыңдаушылар мен көрермендерді жалықтырып жібереді.

Бұл заңның басты мақсаты Тәжікстан Республикасындағы жарнама нарығын реттеу болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар