+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Тәжікстанда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер туралы заң қабылданады

2020 жылғы 21 қазан 15:08
Бөлісіңіз:
Тәжікстанда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер туралы заң қабылданады

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Тәжікстан Республикасының заңнамасына «Қашықтан жұмыс істеу» ұғымы енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тәжікстанның «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі Мәжілісте жауапты хатшылар институтын тарату туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды Жыл басынан бері елордада мас күйде көлік жүргізген 683 адам ұсталды

19 қазанда Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли (парламенттің төменгі палатасы) кеңесінің кезекті отырысы өтіп, депутаттар «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы» заңға түзетулер енгізді. Онда заңға «Қашықтан жұмыс істеу» ұғымын енгізу туралы шешім қабылданды.

Осының негізінде «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы» заңының 1-бабына жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбеккер жұмыс орнынан тыс жерде қызмет атқаруға болатынын реттейтін жаңа абзац қосылды.

Түзетулерге сәйкес, өз қызметін қашықтан жүзеге асыратын азаматтар жұмыс орнына барып, еңбек етіп жүрген қызметкерлер сияқты тең құқыққа ие болады. Ал олардың жұмысына байланысты туындаған мәселелер Тәжікстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT