Тәжікстан мигранттарын Араб елдеріне жібермекші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан өзінің жұмыс күшін кейбір араб елдерінің еңбек нарығына жіберудің мүмкіндіктерін қарастыруда, деп хабарлайды news.tj .

«Жұмыс күшін жіберу мақсатында Кувейт, Қатар, БАӘ елдерінің еңбек нарықтарының мүмкіндіктері зерттеліп, талданды және аталмыш елдермен осы бағытта қажетті келісім жобалары әзірленді», - деп хабарлады Тәжікстанның Еңбек, көші-қон және жұмыспен қамту министрі Сумангүл Тагойзода Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Оңтүстік Кореяның еңбек нарығы зерттеліп, осы елмен ынтымақтастық туралы құжаттың жобасы жасалған.

Ол жалпы тәжік мигранттарының 97,6%-ы (237 мың) биыл Ресейге кеткенін, ал 2,3%-ы (5,7 мың) Қазақстанға жол тартқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар