+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Тәжікстан азаматтарының 9 көлігін сырттай сатып жіберген тұрғын сотталды

2021 жылғы 25 ақпан 12:11
Бөлісіңіз:
Тәжікстан азаматтарының 9 көлігін сырттай сатып жіберген тұрғын сотталды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында Тәжікстан азаматтарының 9 көлігін сырттай сатып жіберген тұрғын сотталды. Сот шетелдіктерге 11 миллион теңгеге жуық шығын келтірген күдіктіні бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев: Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы атануы – тарихи әділдік Елордада алимент төлемеген борышкер пәтерін баласына берді Түркістан облысында карантин мен шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

Сот 31 жастағы айыпталушыны 4 жыл 6 айға түрмеде жазасын өтеу туралы үкім шығарды. Айта кетейік, кінәлі азамат карантин күшейтілген мерзімде Қапланбек шекара бекеті маңындағы үйлердің ауласына қойып кеткен 9 көлікті сырттай сатып жіберген. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) іс қозғалып, күдікті Қазығұрт ауданындағы туысының үйінен ұсталған болатын. Кейіннен белгілі болғандай, ол Қапланбек шекара аумағындағы өз үйінің ауласына шетелдіктердің көлігін уақытша қоюларына рұқсат беріп, келіскен. Алайда көліктерді сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Яғни алты көлікті Шымкент қаласының тұрғынына сатса, үш автокөлікті Сарыағаш ауданының тұрғынына бөлшектеп өткізген. Сонымен қатар полицейлер тергеу барысында күдіктінің бұрын алаяқтық бойынша сотты болғанын анықтады. Тоғыз автокөлік те тәркіленіп, шетелдік азаматтарға қайтарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT