Тайвань 1 наурыздан бастап шетелдіктерді кіргізе бастайды

None
None
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - Тайвань билігі 1 наурыздан бастап шетелдіктердің кіруіне рұқсат беру туралы шешім қабылдады, сонымен қатар олар бірқатар елдің іскер саяхатшыларына карантин режимін жеңілдетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Тайвань орталық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес, шетелдік азаматтар Тайваньның тиісті өкілдіктерінен визаға рұқсат алғанда және коронавирусқа теріс нәтижелі тест тапсырған жағдайда аралға кіре алады. Бұл ретте коронавирустың таралу қаупі төмен немесе орташа елдерден іскерлік туризм мақсатында келетін адамдар міндетті карантин кезеңін екі аптадан 5-7 күнге дейін қысқартуға өтінім бере алады.

Тайвань билігі Ұлыбританияның коронавирус инфекциясының жаңа штаммының таралуы аясында 1 қаңтардан бастап шетелдіктердің кіруіне уақытша тыйым салған еді. Содан бері аралға тек тұрғындар мен вирустың теріс сынағы болған жеке адамдар тобы жіберілді. Барлық транзиттік рейстер де тоқтатылған болатын.

Пандемия басталғаннан бері Тайваньда COVID-19 ауруының әлемдегі ең төменгі көрсеткіштерінің бірі тіркелген. Аралда тіркелген жағдайлардың жалпы саны 946 ғана.


Соңғы жаңалықтар