«Тайсойған» полигонының бір бөлігі қауіпсіз деп танылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы «Тайсойған» полигонының бір бөлігін Қазақстан иелегіне қайтару туралы депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2016 жылдың 22 ақпанында сынақ полигондарын пайдалану және жалдау туралы шарт ратификацияланды. Шарт бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігі жалға алған «Тайсойған – №929 мемлекеттік ұшу сынақ орталығы» полигонының солтүстік бөлігі қайтадан Қазақстанның юрисдикциясына өтті. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ресейлік әскерилер 749,6 мың гектар жер жерді жалдау шартымен пайдаланып келген», - деп жазды Роман Скляр өз жауабында.

Оның айтуынша, аталған 624,6 мың гектар жер ( олигонның 83,3% аумағы) о бастағы уағдаластық шарты бойынша қайтарылған.

«Тайсойған әскери полигонының жері Қазақстан аумақтық құрамына оқацтарылғаннан кейін Атырау облысында екі жыл бойы топырақ пен суда қауіпті заттардың болуына зерттеулер жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша қайтарылған 624,6 мың гектар жердің экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды екені белгілі болды», - деп атап өтті вице-премьер.

Сондай-ақ, ол депутаттық сауалға берген жауабында 2022 жылы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Тайсойған кен орнында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу қарастырылғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар