Тайландтағы су тасқыны: алты адам мерт болып, екеуі із-түзсіз жоғалды

None
БАНГКОК. Синьхуа – ҚазАқпарат – Тайландта «Дианму» тропикалық дауылы салдарынан су тасқыны болып, салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты және екеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын салдарынан елдің орталық бөлігінде, солтүстікте және солтүстік-шығыстағы 30 провинцияда су тасқыны болып, 70 мыңнан астам үйді су басқан, делінген Табиғи апаттардың алдын алу департаментінің мәлімдемесінде.

Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елдің солтүстік, орталық және солтүстік-шығыс бөлігіндегі өңірлерде қатты жауын-шашын жауады.


Соңғы жаңалықтар