Тайландта қазақстандықтар мінген автобус аударылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 желтоқсан күні Сураттхани провинциясында екі қазақстандық болған туристік автобус аударылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тайландтың Сураттхани провинциясындағы жол апаты салдарынан туристер автобусы аударылған. Ішінде екі Қазақстан азаматшасы болды. Олар аздап жарақат алған. Біреуіне сол жерде көмек көрсетілсе, екіншісін ауруханаға жеткізген соң алғашқы медициналық көмек берілді. Кейіннен ауруханадан шығарды. Жағдайлары қалыпты. Олар саяхатты жалғастырамыз деп шешті», - деп хабарлады ол.

Еске сала кетейік, Қазақстандық турист Темірлан Рысқұлов Пхукете қонақ үйінің 5-ші қабатынан секіріп, 14 желтоқсан күні Патонган ауруханасында көз жұмды. Ол Тайландқа 5 желтоқсан күні турист ретінде келген. Полицияның берген баянатына сәйкес, қазақстандық Темірлан Рысқұловтың Тайландта қаза табуы жазатайым оқиға деп көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар