Таулы Қарабақтағы жағдай Женева мен Мәскеуде талқыланбақ

None
None
ЕРЕВАН-БАКУ. ҚазАқпарат – Ресей, АҚШ және Франция ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары ретінде Женева мен Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Францияның Сыртқы істер министр Жан-Ив Ле Дриан Ресей, АҚШ және Франция ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары ретінде 8 қазанда Женевада, ал 12 қазан күні Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізілетінігі туралы айтты.

Сонымен қатар, Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 8 қазанда Женеваға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы елдің сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында айтылған. Сапардың мақсаты ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларымен кездесу өткізу және қақтығысты реттеудегі Әзербайжанның ұстанымын қарсы тарапқа жеткізу болып табылады.

Еске салсақ, 27 қыркүйекте Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы туралы хабарлады. ҚР Сыртқы істер министрлігі жағдайға байланысты мәлімдеме таратты.



Соңғы жаңалықтар