Таулы Қарабақтағы жағдай: Ресей мен Түркия бақылау орталығын құру туралы келісті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Түркия әскери бөлімінің басшысы Хулуси Акардың бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Жүргізілген келіссөздің қорытындысы бойынша Таулы Қарабақтағы қақтығысы тоқтатуды бақылау жөніндегі бірлескен ресей-түрік орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Келіссөздер қортындысы бойынша Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында атысты тоқтату және барлық әскери іс -қимылдарды бақылау бойынша бірлескен орталық құру туралы меморандумға қол қойылды», - деп хабарлады әскери ведомстводан.

Меморандумда мониторнг бойынша бірлескен ррталықтың міндеттері мен принциптері айқындалды.

Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Шойгудың пікірінше, Ресей мен Әзербайжан президенттері мен Армения премьер-министрі қол жеткізген келісімдер, сондай-ақ ресейлік бітімгерлерді қақтығыс аймағына енгізу атысты, қантөгісті тоқтатуға және бейбіт өмірге оралуға жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Атысты тоқтатуды бақылау жөніндегі бірлескен орталық Әзербайжан аумағында орналасады. Орталық қол жеткізілген уағдаластықтарды бұзуға байланысты кез келген шағымдарды, мәселелерді қарастыратын орган болады.

Еске салсақ, 10 қарашада Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.




Соңғы жаңалықтар