Таулы Қарабақта Әзербайжанның екі азаматы минаға түсті

None
None
БАКУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Таулы Қарабақтағы шиеленістен кейін Бакудың бақылауына өткен Физули ауданы аумағында Әзербайжанның екі азаматы минаға ұрынды. Бұл туралы сенбі күні Әзербайжан бас прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агентігіне сілтеме жасап.

«Ағайынды Ясин мен Асиф Ахмедовтер Физули ауданында минаға ұрынды. Ясин Ахмедов оқиға орнында мерт болды, ал ағасы ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

АЗЕРТАДЖ агентігінің хабарлауынша, Әзербайжан бас прокуратурасында осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын, сараптамалар тағайындалғандығын атап өтті.

Прокуратура қызметкерлері оқиға орнына дереу тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады.

Еске салсақ, 27 қыркүйекте Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы туралы мәлімдеді. 10 қарашада Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылды. Осы оқиғаға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.





Соңғы жаңалықтар