Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған мәлімдемеге Әзербайжан Республикасының Президенті Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті қол қойған. Онда 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттерді толық тоқтату туралы келісім жарияланған.

Келісімге сәйкес, Ресей Федерациясының бітімгершілік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс сызығы бойында және Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойында орналасады.

Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ аумағына және оған іргелес аудандарға қайтарылады.

Екі ел әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беретін болады.

Сонымен қатар, Ресей Федарациясының Таулы Қарабаққа баратын ресейлік бітімгерлер Ульяновск-Шығыс аэродромында әскери көлік ұшақтарына отырғызылуда. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлады .

«Ульянов-Шығыс аэродромына Орталық әскери округтің бітімгершілік құрамының алғашқы бөлімшелері келді. Бітімгершілік контингентін жөнелту үшін Ил-76 әскери-көлік ұшақтарының тобы аэродромға шоғырланған», - деді ведомствода.

Еске салсақ, 10 қазанда да Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Алайда бітімге қарамастан Таулы Қарабақтағы жағдай шиеленісіп кеткен еді.




Соңғы жаңалықтар