Тауешкілерді заңсыз атып алған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының тұрғынынан тауешкінің бөлшектелген ұшасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер орман шаруашылығы қызметкерлерімен және әскери қызметшілермен бірге өңір аумағында арнайы рейд ұйымдастырды. Тау бөктеріндегі жерлерді қарау барысында, Алакөл ауданы Көктұма ауылының 53 жастағы тұрғынының жайылымдық учаскесінен пакетке салынған 2 тауешкінің еті табылды.

Ұсталған азамат Сарыбөктер таулы аймағынан аңшылық қарумен 2 тауешкіні атып алғанын мойындады.

Қазіргі уақытта жедел тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 337-бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, СДТБТ тіркелді. Бөлінген 2 тауешкінің еті, мылтық, патрон гильзасы және басқа да заттар айғақзат ретінде тіркеліп, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар