+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылында 170 млн шаршы метр тұрғын үй салынған

2021 жылғы 14 сәуір 11:15
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылында 170 млн шаршы метр тұрғын үй салынған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік жылдарында 1,6 миллионнан астам қазақстандық жаңа баспанаға ие болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда 20 жас дәрігер пәтер алды Қазақстан үй салуда ТМД елдері арасында 1-орынға шықты – Асқар Мамин Алматы: «Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік жылдарында еліміз түрлі салаларда соның ішінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Осы уақыт аралығында 170 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынып, 1,6 миллионнан астам азаматтарымыз баспанамен қамтамасыз етілді», - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, 2020 жылы осы үрдіс жалғасып, 140 мыңнан астам баспана берілген.

«Былтыр республика бойынша 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,8% көп. Яғни, 140 мыңнан астам тұрғынжай пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% - ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесіне 5 теңге жеке инвестициялар тартылды. 38,4 мың отбасына әлеуметтік тұрғын үй және жеңілдетілген қарыздар түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT