Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қандай бағдарлама әзірленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, барлық өңірлерді дамытуға арналған бағдарлама құру қажет. Бұл туралы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазірден бастап Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде сәйкес тапсырмалар беремін. Атап айтқанда, 30 жылдық қарсаңында барлық өңірлерді дамытуды қолға алу қажет. Кей өңірде ауызсу жоқ, кей өңірде коммуналдық шаруашылық ескірген. Кей аймақтың ішкі жолдары нашар. Әр облыстың кемшін тұстарын анықтап, Жол картасымен қаражат бөлу керек. Яғни, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын әдемі қалалармен және орталықтармен қарсы алуымыз керек. Міне, осындай бағдарламаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар