Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да жыл соңына дейін 40-тан астам нысан ашылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 40-тан астам нысан салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудегі маңызды бағыттардың бірі - өндіріс орындарын ашу және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру. ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

- Жыл басынан бері Өскеменде 120 және 250 орындық екі балабақша пайдалануға берілді. Семейде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін еліміздегі алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Елорда күніне орай өңірде 10 әлеуметтік маңызы бар нысан бой көтерген. Оның ішінде Семейдегі перинаталдық орталықтың үшінші перзентханасы, Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы 128 орындық балабақша мен спорт модулі бар, - деді ол.

Ұлан, Зайсан, Жарма ауданындағы ауыл тұрғындары жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттерін алып, қоныс тойын тойлады. Құрылыс қарқынының артуының арқасында өрт кезінде зардап шеккен Риддер тұрғындарының бір бөлігі жаңадан салынған үйлердің кілттерін алды.

Азамат Мұхамедчинов жыл соңына дейін 47 әлеуметтік нысанды, оның ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын атап өтті.

- Сондай-ақ Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының екінші кезеңін іске қосу да маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы ең ірі инвестициялық жоба, - деді облыс әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар