Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «30 игі іс» марафоны басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Іс-шарада қатысқан Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды қайырымдылық марафонына атсалысуға шақырды.
«Өткен жыл күллі әлем үшін де, еліміз үшін де күрделі сынақтарға толы болды. Елімізде жарияланған төтенше жағдай, карантиндік шектеу кезінде атыраулықтар да қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олардың арасында компаниялаар, медицина мен әлеуметтік сала қызметкерлері, құқық қорғау органының өкілдері, еріктілер, меценаттар, сондай-ақ, мұғалімдер бар. Қайырымдылық марафонына да сондай белсенділік танытуға шақырамын» -деді Мхамбет Досмұхамбетов.
Қайырымдылық марафонында Атырау қаласы мен аудандарда жергілікті кәсіпкерлер арқылы аз қамтылған 700 отбасыны жылдық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін алғашқы сертификаттар табыс етілді. Ал ондаған жыл бір бөмелі үйде тұрып келген жеті балалы отбасыға Атырау қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілті берілді.
Сондй-ақ, «Атырау облысының іскер әйелдері» қауымдастығының төрайымы Гүлжан Мұхатаева екі жасөспірімнің еміне және мүмкіндігі шектеулі медицина қызметкеріне қаржылай сертификаттар табыстады. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының ұжымы облыстық балалар ауруханасында онкологиялық сырқатпен емделетін балалар үшін 5 дана планшет табыс етті.
Еске сала кетелік бұдан бұрын Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық акциясы басталған еді.
- Атырауда модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарға толды
- Экология министрлігі «Теңізшевройлға» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді
- Атырауда халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталды
- «Тәпсірлер таңдаулысы» атты төрт томдық кітаптың таныстырылымы өтті
-
Тәуелсіздік жолында қуғындалғандарды есте қалдыру бойынша арнайы жоба әзірленеді
-
Атырау облысында жел мектептің шатырын ұшырып жіберді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам