Тәуелсіздік жылдарында 4,5 мың полицей жарақат алған
«Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 815 қызметкер қаза тауып, 4593 қызметкер жарақат алған», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.
23 маусым күні қазақстандық полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті. Ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наградалар мен грамоталарды табыстады
«Министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының 1200-ден астам қызметкері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 60-қа жуық ардагері жанқиярлығы мен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін марапатталды», - деді Ш. Тұрлыбек.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.