Тәуелсіздік құрдасы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік - Дамир Қаипов

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының жастар саны 500 мыңнан асады. Олардың қатарында арманы асқақ, Отанға деген ыстық сезімі бар, өресі биік, мақсаты зор Тәуелсіздік құрдастары жетерлік. Солардың бірі Дамир Қаипов. Дарынды жас бүгінде Сарқан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқаруда. Тәуелсіздік құрдасы елмен бірге өсіп, өніп келе жатқанын мақтан тұтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дамир бұл жетістікке өз күшімен, таза еңбекпен, тамыр-таныссыз жеткен азаматтың бірі. Ол Алматы қаласындағы «нархоздың» түлегі. Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша білім алған. Өзінің студенттік шағының өте қызықты өткенін айтады. Ата-анасына салмақ түсіруді қаламаған студент, түске дейін сабақта, түстен кейінгі уақытын барахолка базарында өткізіпті.
«Осы базарда 4 жылым өтті. Арбаны да сүйредік, жүкті де тасыдық. Даяшы да болдым. Бір сөзбен айтқанда барлық жұмысты істедім. Тәубә, жаман болмадым. Бүгінде бір ауданның бөлім басшысы болып отырғанымды мақтан тұтамын»,  - дейді Дамир Қаипов.
null 

Дамирдің ең алғашқы жұмысы Сарқан ауданынан басталған. «Оқу бітіріп келгеннен кейін түйіндемемді ұстап, бармаған жерім болмады. Бірден жұмыс тауып кеттім деп айта алмаймын. Біраз жүрдім. Бір күні Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бардым. Түйіндемемді тастадым. Кейін, бала күтіміндегі қызметкердің орнына қабылдандым».

Осы жерде жарты жылдай тәжірибе жинақтап, жұмыс істеген. Артынша аудандық Жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналасты. Ол жерді 2,5 жыл  көлемінде басқарып, білімі мен біліктілігіне сенген аудан басшылары ішкі саясат бөлімін сеніп  тапсырды. 

«Ішкі саясаттағы жұмыс өте ауқымды. Бұл жерде бірнеше сала тоғысқан. Саяси тұрақтылық, ұлттар мен ұлыстар татулығы, дінаралық келісім, мемлекеттік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Осының бәрін қадағалап, қамтып, ондағы туындаған мәселелерді шешу, жоспар құру 25 жасар бозбалаға тапсыру үлкен жауапкершілік. Сондықтан мен бұл сенімді ақтап шығу үшін бар күш жігерімді аямаймын. Көп жастар оқу бітіргеннен кейін туған ауылын тастап, бірден үлкен қалаға кетіп жатыр. Онсыз да халқы көп шаһарда бірден жұмыс тауып, олжалы болып кету өте қиын. Сондықтан мен мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысынан бастадым. Қызметтік баспалдақпен ақырындап алға көтеріліп барамын», дейді ол.
null  

Дамир тек талантты, білімді жас маман ғана емес, ол әрі спортшы.  2005-2013 жылдар аралығында Таэквандодан облыстық, республикалық, Азия чемпионатының жүлдегері. Қара белбеу иегері. Қазір де спорттан қол үзген жоқ. Тек, уақыттың аздығын айтады. Уақыт тіпті  жеке мәселелерді шешуге де жетпей келеді. Дамирдің тағы бір арманы отбасы құрып, шаңырақ көтеру. Ол бұл мәселені Экспо-2017 көрмесі ашылғаннан кейін берік қолына алмақ. Ал қазір жұмыс, жұмыс және жұмыс дейді.

null 

«Тәуелсіздік құрдасы болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен еліммен бірге өсіп келемін. Жетістікке жетіп келемін. Мен өзімді бақытты жан санаймын. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің ертеңі баянды болсын», - дейді Дамир Қаипов.

null null  

Соңғы жаңалықтар